Ақтөбе облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық бақылау және мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтөбе облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық бақылау және мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
🔵 Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы тұрғындар, фермерлер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шегіртке ошақтарын анықтауға атсалысуды сұрайды.
☎️ Егістік алқаптары, жайылымдар немесе елді мекендер маңында шегіртке зиянкестерінің ошақтары туралы ақпаратты Ақтөбе облысы бойынша жауапты тұлға Дастан Сағыровқа жолдауға болады. Байланыс телефоны 8 702 577 67 22.
✅ Инспекция дер кезінде берілген ақпарат егістік алқаптарын сақтауға және зиянкестерге қарсы күрес шараларын уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1238345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді