Ақтөбе облысында жаңа буын педагогтеріне арналған алаң ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ал мектеп пен педагог жаңа технологиялар әлеміне жол көрсететін басты бағыттаушы күш болып отыр. Осыған орай Ақтөбе облысында жас мамандардың кәсіби өсуіне және заманауи құзыреттерін дамытуға бағытталған жаңа білім беру жобасы өз жұмысын бастады.

жас педагогтердің кәсіби Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен алғаш рет «AI ORTA дамуы» алаңының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға депутаттар, білім саласының ардагерлері, тәжірибелі педагогтер және жас мамандар қатысты.

Алаңның басты мақсаты жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі сауатты қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа мүмкіндік беретін заманауи орта құру.

Ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева сөз сөйлеп, бүгінгі күні оқушыларды жасанды интеллект технологияларын пайдалануға ғана емес, оны жасай алатын, жетілдіре алатын және тиімді басқара алатын тұлға ретінде тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін, оны оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын және цифрлық трансформация жағдайындағы заманауи педагогтің рөлін талқылады.

Алдағы уақытта AI ORTA алаңы жас педагогтердің кәсіби дамуына серпін беретін, үздік тәжірибелер алмасатын, жаңа идеялар мен инновациялық білім беру жобалары жүзеге асатын маңызды орталыққа айналады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1236477?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді