
Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылында елдік пен ерліктің үлгісін көрсеткен ерекше оқиға орын алды. Бір мектептің қабырғасында тәлім алып, бір сыныпта бірге білім алған төрт жас азамат бір мезетте әскер қатарына шақырылып, қасиетті Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Жиделі жалпы білім беретін мектебінің түлектері – Бейсен Рамазан Лесбекұлы, Дайраш Аян Бақытұлы, Жұбай Мәди Ерланұлы және Сайлау Болысбек Қалдарханұлы енді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сапында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға өз үлестерін қоспақ. Жас сарбаздар Алматы облысында орналасқан №97617 әскери бөлімінде қызмет өткереді.
Бір сыныпта оқып, достықтары бекем қалыптасқан азаматтардың әскери өмірге де бірге қадам басуы – жастар арасындағы ынтымақ пен отансүйгіштік қасиеттің жарқын көрінісі.
Ел сенімін арқалаған сарбаздарға қайсарлық, биік рух және абыройлы қызмет жолын тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1236312?lang=kk

Жауап қалдыру