АРЫСТА БІРЛІК КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыс қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен аталып өтті. Мерекелік іс-шаралар Теміржолшылар саябағында өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты шеруге этномәдени бірлестіктер өкілдері, білім беру ұйымдары, теміржол саласының еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Алаң ұлттық нақышта безендіріліп, әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін танытатын көрмелер мен сахналық қойылымдарға ұласты.
Шерудің шымылдығын қазақ халқының ұлттық киімдегі тобы ашса, оны славян, өзбек, татар-башқұрт, иран-әзірбайжан этномәдени орталықтары мен теміржол мекемелері қызметкерлерінің сап түзеген легі жалғастырды.
Мерекелік жиынға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев пен «AMANAT» партиясының қалалық филиалының басшысы Бақтығали Ділдәбеков қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.
Салтанатты шара барысында қала өміріне белсенді атсалысып, бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосқан ардагерлер мен түрлі сала қызметкерлері, теміржолшылар, сондай-ақ қаланы көркейту мен көгалдандыруға еңбек сіңіріп жүрген жұмысшылар қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке аясында этномәдени бірлестіктер мүшелері мен мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, ән шырқалып, күйлер орындалып, ұлттық билер көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл күні арыстықтар елдегі бірлік пен бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте сезініп, өзара ізгі тілектерін білдірді. Жиналған жұрт ел тыныштығы мен жарқын болашаққа деген сенімін білдіріп тарқасты
 
Возможно, это изображение танцы
 
Возможно, это изображение текст
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1236243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді