
Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Astana 2026 World Boccia Cup халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл бәсеке боччадан Әлем кубогының кезеңі болып саналады. Беделді сайысқа 24 елдің параспортшылары қатысып жатыр.
Салтанатты рәсімге мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың мүшелері, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы Әлем кубогына Қазақстан, Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Португалия, Оңтүстік Корея және өзге де мемлекеттерден барлығы 90 параспортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ жарысқа келген делегация мүшелері мен мамандардың саны 140-тан асады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы атынан Әлем кубогында 10 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында BC3 санатындағы спортшылар да бар. Бұл санаттағы қатысушылар арнайы рампаның көмегімен жарысқа түседі. 3-6 маусым аралығында жекелей сайыстар өтсе, 6-8 маусым күндері жұптық және командалық бәсекелер ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1235819?lang=ru

Жауап қалдыру