
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық конкурстың басты мақсаты – «Мерейлі отбасы» байқауының негізгі мақсаты – өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттап, отбасы құндылықтарын, неке мен жанұяның оң үлгісін дәріптеу арқылы олардың қоғамдағы беделін көтеру және қоғамдық бірлікті нығайту.
Конкурстың жүлде қоры: қалалық кезең жеңімпазына – 1 000 000 теңге; аудандық кезең жеңімпазына – 500 000 теңге.
Өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады.
Байланыс нөмірлері: +7 700 653 36 94; +77071271047

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1236338?lang=ru

Жауап қалдыру