Атырау облыстық мәслихатының депутаттары дарынды жастармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Фатима Төлеева мен Бағыт Шеркешбаева «Atyrau Creative Hub» орталығында дарынды жастармен кездесті.
 
Кездесуге халықаралық және республикалық интеллектуалдық байқаулар мен ғылыми конкурстардың жүлдегері атанған 10–11 сынып оқушылары қатысты.
 
Іс-шараның басты мақсаты — өңірдегі белсенді әрі шығармашыл жастарды қолдау, олардың ғылым мен технология саласындағы әлеуетін талқылау және өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу алаңын құру.
Еркін форматта өткен сұхбат барысында оқушылар тарапынан заманауи трендтерге, оның ішінде жасанды интеллект (AI) технологияларының дамуы мен оның білім беру жүйесіндегі рөліне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.
 
Депутаттар жас дарындардың цифрландыру және жаңа технологиялар саласындағы құштарлығын жоғары бағалап, қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі тұшымды жауаптар берді. Сондай-ақ, кездесу соңында депутаттар оқушылардың алдағы оқу жылы мен мемлекеттік емтихандарына сәттілік тіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1236441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді