
05.06.2026 жылы Күршім аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е. Кабдуалиев Күршім ауданы Сарыөлең ауылында орналасқан «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс маусымының басталуына байланысты қабылдау-тексеру іс-шараларына қатысты. Тексеру барысында бейнебақылау камераларының жұмыс жағдайы қаралып, лагерь аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1236405?lang=ru

Жауап қалдыру