Білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы тағайындалуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 26 мамырындағы №2 жалпы конкурс нәтижесі бойынша Жансеитова Гульмира Галымовна білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Гульмира Галымовна 1999 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, кейін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды.
Гульмира Галымовна осы қызметке тағайындалғанға дейін 2014 жылдан бастап “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ “Петропавл қаласының білім бөлімі” КММ-де әдіскер болып қызмет етті. Әр жылдары Петропавл қаласындағы №42 орта мектепте әлеуметтік педагог, №23 орта мектепте педагог-консультант болып жұмыс істеді.
Әріптесімізге жаңа кәсіби қызметінде үлкен табыс тілейміз!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1236562?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді