«ЕЛДІК САЛТЫ – ЕЛГЕ МҰРА»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Ақжал кентінің «Шұғыла» мәдениет үйінде ұлттық рухты асқақтатып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Елдік салты – елге мұра» атты жасөспірімдер арасындағы аймақтық патриоттық ән байқауы өтті!
​Бұл шара жас ұрпақтың туған жерге деген құрметін күшейтіп, өнер мен сахнаға баулу, тарихи сананы қалыптастыру және жас таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауда Ақсу-Аюлы, Ақшатау ауылдары мен Ақжал кентінің ең дарынды жас өнерпаздары бақ сынасты.
​🎶 Жас таланттардың өнерін бағалап, әділ төрелік еткен қазылар алқасы:
​Көккөзова Гүлмира Кәріғұловна – Шет ауданы мәдени сауық орталығының мәдени-шара ұйымдастырушысы, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты;
​Арыстанбекова Маржан Ералиевна – Ақжал кенті әкімдігінің бас маманы;
​Абильжанова Ұлбосын Тұякбаевна – «Шұғыла» мәдениет үйінің мәдени-шара ұйымдастырушысы.
​🏆 Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
​🥇 І дәрежелі диплом (І орын):
​Сериков Медет (Ақсу-Аюлы)
​Әбілмаш Әдия (Ақшатау)
​🥈 ІІ дәрежелі диплом (ІІ орын):
​Құсайын Аруым (Ақжал)
​Зейнулла Әлімжан (Ақсу-Аюлы)
​🥉 ІІІ дәрежелі диплом (ІІІ орын):
​Алмас Ләйлім (Ақжал)
​Толеуова Азиза (Ақжал)
​Жәлен Аделя (Ақсу-Аюлы)
​💰 Жеңімпаздар дипломдармен қатар “Nova-Цинк” кәсіпорынның қолдауымен ақшалай сыйлықтарға ие болды! Ал байқауға белсене қатысқан басқа да өнерпаздар «Алғыс хаттармен» марапатталды.
​🎉 Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Өнер жолындағы қадамдарың сәтті, шығар шыңдарың биік болсын, жас дарындар! 🇰🇿✨

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді