
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ертең, 6 маусым күні, қала аумағында жалпықалалық сенбілік өтеді.
Сенбіліктің басты мақсаты – туған қаламыздың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және шаһар келбетін жақсартуға үлес қосу.
Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан барлық қала тұрғындарын, мекеме-кәсіпорын ұжымдарын, кәсіпкерлерді, жастар мен еріктілерді жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1235620?lang=ru

Жауап қалдыру