Есірткі граффити бойынша жауапкершілік туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ғимараттардың, құрылыстардың және қоршаулардың иелері!

Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында есірткі заттарын жарнамалайтын немесе насихаттайтын есірткі граффити деп аталатын жазуларды, суреттерді және интернет — мекенжайларды уақтылы анықтау және жою қажеттілігіне назар аударамыз.

Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес ғимараттардың қабырғаларына, қоршауларға, тіректерге және осы мақсаттарға арналмаған басқа да объектілерге кез келген жазуларды, суреттерді, хабарландыруларды және өзге де ақпараттық хабарламаларды салуға және орналастыруға жол берілмейді.

 Мұндай жазуларды жою жөніндегі міндет объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.

Заңсыз жазуларды жою жөнінде уақтылы шаралар қолданбағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген:

 ескерту немесе айыппұл 20 дан 100 АЕК ке дейін;
 қайта бұзылған жағдайда-30-дан 300 АЕК-ке дейінгі айыппұл.

Объектілердің иелерінен өздеріне тиесілі мүлікті үнемі тексеріп отыруды және есірткі граффитиін жою жөнінде дереу шаралар қабылдауды сұраймыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана есірткінің таралуын болдырмауға және біздің елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chervonnyi/press/news/details/1236546?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді