КЕЗЕКТІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қалаға қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында қала аумағындағы шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көшелердегі қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Таза қала – әрбір тұрғынның ортақ міндеті мен жауапкершілігі. Қоршаған ортаны қорғау, қаланың көркін сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар Түркістан қаласында жүйелі түрде жалғасын таба береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1236035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді