
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұма және сенбі күндері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда.
Осыған байланысты Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, есепте тұрған тұлғалар мен қолайсыз санатқа жататын отбасыларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша аралады.
Сондай-ақ «102» арнасына тұрмыстық жанжал фактілері бойынша хабарламалар түскен отбасылармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары сауда орындарының иелерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарды алаяқтардың арбауына түспеу үшін сақтық шараларын сақтауға шақырып, кең таралған алаяқтық схемалары туралы ақпараттандырды.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарлауға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZPogP5s9la/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1236226?lang=ru

Жауап қалдыру