Маңғыстауда «Жолдағы балалар» акциясы аясында велошеру өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау мақсатында «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы велошеру ұйымдастырды.

Іс-шараға полиция қызметкерлері, JET кикшеринг компаниясының өкілдері және Ақтау қаласындағы «Маңғыстау арена» спорт мектебінің велоспорт бөлімінің спортшылары қатысты.

Велошеру барысында қатысушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына назар аударып, велосипед жүргізушілерінің қауіпсіздігін арттыру және жасөспірімдердің жолдағы жауапкершілігін күшейту мәселелерін насихаттады.

Шара аясында полиция қызметкерлері велосипедшілерге арналған қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, қорғаныш дулығалары мен өзге де арнайы құралдарды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Велошерудің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің назарын жол қауіпсіздігі мәселелеріне аудару, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, оларға жол қозғалысы ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DZPnabEs8ds/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1236211?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді