Нидерланды Ұлттық күніне орай қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Нидерланды Корольдігінің Ұлттық күні – Король күнін мерекелеуге арналған қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов қазақ-нидерланд арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Нидерланды арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1236446?lang=ru