
Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын тағылымы мол мерекемен құттықтады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы әрі абыройы. Тұғырлы Туымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Әнұранымыз — мемлекетіміздің мызғымас үштағаны. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын нышандарды ардақтау – әрбір қазақстандықтың қастерлі міндеті. Құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беріп, келешекте де ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылайық, – деді облыс әкімі.
Мерекелік шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Патриоттық әндер әуелеп, Мемлекеттік ту көтерілді. Аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табыстады.
Айта кетейік, Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері өңірдің барлық ауданында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236126?lang=ru

Жауап қалдыру