
Ол өзінің педагогикалық қызметін 1984 жылы бастаған және 40 жылдан астам уақытын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнап келеді. 1994 жылдан бастап Ерсайын Құрылысұлы Көсембай негізгі мектебінде еңбек етіп, жоғары білікті педагог, білікті тәлімгер және өз ісінің нағыз маманы ретінде танылды.
Зерттеуші педагог, зерттеу тобының жетекшісі және мектеп тренері ретінде ол білім берудің заманауи технологияларын белсенді түрде енгізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, аудандық және облыстық деңгейдегі білім беру жүйесінің дамуына үлес қосып келеді. Оның шәкірттері түрлі зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануда.
Ерсайын Құрылысұлының көпжылдық адал еңбегі мемлекеттік және өңірлік деңгейде жоғары бағаланып келеді. 2017 жылы ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, 2021 жылы «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағына ие болды, 2023 жылы «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, ал 2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын алды.
Бүгінгі «Ерен еңбегі үшін» медалі — оның отандық білім беру ісін дамытуға қосқан ұзақ жылғы үлесінің, жоғары кәсібилігінің және ұстаздық жолға адалдығының кезекті лайықты бағасы. Бұл марапат — бірнеше буынды тәрбиелеп, оларға тек білім ғана емес, өмірлік құндылықтарды да сіңіріп келе жатқан жанға берілген әділ құрмет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1236516?lang=ru

Жауап қалдыру