
2026 жылғы 18 мамыр күні Қарағанды облысы Әділет департаментінің Балқаш қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Қ.Қ. Шаймерденова «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Балқаш қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбы талқыланды.
Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктері туралы ақпарат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1236208?lang=ru

Жауап қалдыру