Орал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты Ту көтеру рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 4 маусым күні, Орал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты Ту көтеру рәсімі өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ербол Салықов қатысты.

Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың рухын, тарихын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Ұлттық рәміздерімізді құрметтеу – әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің көрінісі.

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1238419?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді