Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдинмен бірге аудандық мәдениет үйінде Бадамша ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдинмен бірге аудандық мәдениет үйінде Бадамша ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнатуға, елді мекеннің қазіргі жағдайын талқылауға және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын айқындауға арналды. Жиын барысында тұрғындар күнделікті тұрмысқа қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жол, абаттандыру, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік нысандардың жай-күйі және басқа да маңызды сұрақтар бойынша ұсыныстарын білдірді.
Аудан басшысы әрбір мәселенің маңыздылығына тоқталып, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынатынын жеткізді. Сонымен қатар, көтерілген сұрақтарды кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1238904?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді