“Қауіпсіз жол” ЖПІШ қорытындысы: Абай облысында 1900-ден аса құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы – жолдағы тәртіп пен адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жүргізілген ауқымды шаралардың бірі болды. Жолдағы әрбір талап – адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды ереже, ал қауіпсіздік мәдениеті – қоғам тыныштығының негізі.

👮‍♂️Өңір көлемінде ұйымдастырылған рейдтік шараларға 304 полиция қызметкері жұмылдырылып, тәулік бойы күшейтілген негізде қызмет атқарды. Нәтижесінде небәрі бірнеше күн ішінде 1966 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

🚘Жол үстіндегі жауапсыздық пен немқұрайлылық адам өміріне қауіп төндіретіні белгілі. Осыған байланысты техникалық талаптарға сәйкес келмейтін 423 көлік құралының жол қозғалысына қатысып жүргені белгілі болды.

❌Сонымен қатар рұқсатсыз қайта жабдықталған 63 автокөлік анықталса,193 жүргізушінің міндетті техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды.

📲Жүргізушілер арасында көлік тізгінінде отырып телефон қолдану фактілері де бар. Іс-шара барысында мұндай 292 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

🚸Ал балалар қауіпсіздігін ескермей, арнайы ұстап тұру құрылғысынсыз көлік басқарған 67 жүргізуші анықталды.

🚙❌Сондай-ақ полиция қызметкерлері көлік жүргізу құқығы жоқ 105 азаматтың жолына тосқауыл қойды.

Жалпы іс-шара барысында 153 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

👮‍♂️Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Омаров жол қауіпсіздігі – тек полицияның емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Жол — жай ғана қозғалыс алаңы емес, онда адам тағдыры, отбасының амандығы, балалардың болашағы бар. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан әр жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап өз өміріне ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы қажет. “Қауіпсіз жол” іс-шарасының басты мақсаты — айыппұл салу емес, жолдағы мәдениетті қалыптастыру және адам өмірін сақтау», — деді полиция полковнигі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді