Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері Департамент ұжымын Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтармен таныстырып, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік кепілдіктерді алу мүмкіндіктері мен қордың цифрлық сервистерін пайдалану жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, зейнетақыны жоспарлау және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы зейнетақы заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктер мен зейнетақымен қамсыздандыру тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ болашақ зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1236495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді