Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма), 2026 жылғы 04 маусым күні Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай, Басқарманың қызметкерлері арасында тәуелсіздіктің белгісі – мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметті арттыру, азаматтық патриотизмді нығайту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер туралы» семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинар барысында 2007 жылғы 04 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңының талаптарына тоқтатылып, Заңның тарауларының, баптарының талаптары талқыланды және Заңның тарихи деректері бойынша презентация дайындалып ұсынылды.
Сонымен бірге «Мемлекеттік рәміздер және оның авторлары» туралы видеосюжет түрінде ақпарат көрсетілді.
Әрбір рәміз Қазақстанның ұлты мен тегіне қарамастан еркін біртұтас ұлт екенін көрсетеді.
Мемлекеттік рәміздер әлемдегі басқа халықтарға достық қарым-қатынасты, егемендікті, тәуелсіздікті, әл-аухатты, батылдықты, күшті, дамуға деген ұмтылысты және басқа елдермен теңдікті білдіреді.
Семинар соңында Басқарма мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі – Мемлекеттік гимнді орындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1236172?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді