ҚҰРМЕТТІ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес, 2026 жылғы 14 мамыр мен 26 маусым аралығында Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінде, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппараттарында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, егер Сізде аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттарының қызметіне қатысты нақты мәліметтер, арыз-шағымдар немесе ұсыныс-пікірлер болса, Сізді 2026 жылғы 18 маусым күні сағат 16:00-де өтетін ішкі талдау қорытындысының алдын ала нұсқасын талқылау жөніндегі жиынға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны:
Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, С. Жаштаев көшесі, №96, «Мақтаарал ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 1-қабат, мәжіліс залы.

Анықтама үшін:
Үмбетәлі Сырым Бауыржанұлы – Мақтаарал ауданы әкімі аппараты Заң бөлімінің бас маманы.

Байланыс телефоны: 8 (747) 151-09-95.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1238681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді