
ҚЫТАЙ САПАРЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
🇰🇿🇨🇳 Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ресми және іскерлік делегация Түркістанмен бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының орталығы – Ухань қаласында Қытайдың 50-ден астам жетекші компанияларының басшыларымен маңызды келіссөздер жүргізді.
👥 Облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен кездесіп, ірі инвесторлармен B2B және G2B форматтарында келіссөздер жүргізді. Іскерлік және мемлекеттік деңгейде өткен кездесулер нәтижесінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары айқындалды.
🎯 Өңір басшысы Қытай елінің өкілдерімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік ынтымақтастықты кеңейту және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және көлік салаларындағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады. Қол жеткізілген келісімдер өңірге тікелей инвестициялар тарту, инвестициялық әріптестікті нығайтвп, заманауи өндірістер ашуға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталды. Кездесуге қатысқан компаниялар Түркістан облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобаларын таныстырды. Әрбір ұсыныс мұқият қаралып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
💬 – Бүгін Ухань қаласында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы өзара сенім мен тығыз ынтымақтастық екі ел арасындағы өңіраралық және экономикалық байланыстардың дамуына берік негіз болып отыр. Екі ел арасындағы қатынас өзара сенімге, теңдікке және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке негізделген. Бұл байланыс тек экономикамен шектелмей, өңірлік тұрақтылықтың маңызды тірегіне айналып отыр. Мемлекет басшылары арасындағы тұрақты диалог өңірлік тұрақтылық пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Бұл әріптестік «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында да жаңа серпін алды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен біз өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартып, қызығушылық танытқан компанияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Өңірлік әріптестікті нығайту мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан өңірінде логистикалық орталық жасауға толық мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің біздің өңірге келіп, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға ниет білдіргендеріңізге алғыс білдіремін. Біздің облыста жұмыс істеуге ниетті барлық компанияларға барынша қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді, – деді Нұралхан Көшеров.
💰 Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды. Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде Түркістан облысы мен Хубэй халықаралық кәсіпорындар қауымдастығы арасындағы серіктестік 2024 жылдан бастап қалыптасып, бүгінде инвестициялық жобаларды пысықтауға арналған тиімді алаң ретінде дамып келеді.
📋 Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, шетелдік инвесторларға ұсынылатын қолдау шаралары мен жеңілдіктер жөнінде ақпарат берілді.
🤝 Өз кезегінде делегация өкілдері Түркістан облысының қолайлы географиялық орналасуын, экономикалық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті дамытуға қызығушылық танытатынын жеткізді. Кездесу қорытындысында тараптар байланыстарды одан әрі нығайтып, нақты инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
🏭 Атап айтқанда, медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін халықаралық компания Қазақстан нарығына шығу жоспарларын таныстырды. Компания жасанды сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған материалдар мен күйік пен жарақаттарды емдеуге қолданылатын жасанды тері матрицаларын өндіреді. Инвесторлар Қазақстанға өнім жеткізіп қана қоймай, болашақта өңірде өндіріс орнын салуға ниетті екендерін жеткізді.
🌴 Сондай-ақ Wuhan Engineering компаниясының басшыларымен кездесу өтті. Компания Түркістан облысында заманауи саябақтар, гүл және құс базарларын құру мүмкіндігін қарастырып отыр. Жобаның алдын ала инвестициялық көлемі 180 миллион юаньды құрайды.
🚜 Облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы техникалар өндіру саласында жұмыс істейтін ірі инвесторлармен жүздесті. Компания қоқыс таситын көліктер, шаң басатын машиналар, вакуумдық тазалау техникалары, мобильді авариялық электр станциялары және қар тазалау техникаларын шығарады. Кездесу барысында Түркістан облысында арнайы техника құрастыратын өндіріс ашу мәселесі қаралды.
🚠 Сапардың ең ірі жобаларының бірі мәдени туризм бағытында талқыланды. Облыс әкімімен кездескен халықаралық компания басшылығы Түркістан облысында ауқымды океанариум немесе теңіз тақырыбындағы ойын-сауық және туристік парк салу жобасын ұсынды. Компанияның туристік инфрақұрылым объектілерін жобалау, салу және пайдалану саласында тәжірибесі мол. Ұсынылған жобаның инвестициялық көлемі шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда Түркістан өңіріндегі туризм саласының дамуына жаңа серпін беруі мүмкін.
🥩 Қытайдың ең ірі агроөнеркәсіптік құрылымдарының бірі саналатын Huapei Group өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Компания ет өнімдерін импорттау, өңдеу, сақтау және логистикамен айналысады. Тараптар Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін және өңдеу саласындағы ықтимал серіктестікті талқылады. Іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының ҚХР-ң Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев
атсалысып, үлес қосты.
🛤️ Облыс әкімі Қытайдың құрылыс және инфрақұрылым саласындағы бірқатар жетекші компанияларымен «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу жобасын жан-жақты талқылады. Олардың қатарында ондаған ірі корпорациялар бар. Бұл компаниялар көлік дәліздерін дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық көлік қатынасын кеңейту бағытындағы жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
⛰️ Сонымен қатар Қытайдың сәулет және құрылыс саласындағы компаниялары Түркістан облысында жоспарланған «Ирсу» және «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталықтарын дамыту жобаларына қызығушылық танытты. Бұл бағытта жан-жақты келіссөздер жүргізілді. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда өңірдегі туристік инфрақұрылымның сапасы артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, шетелдік туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.
🤝 Жалпы алғанда, Қытайға жасалған жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі 50-ден астам компанияның басшылары және инвесторларымен кездесіп, жалпы құны жүздеген миллион долларды құрайтын жобаларды талқылады. Кездесулер өңірге инвестиция тарту, өндірісті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
🎯 Түркістан облысы бүгінде Қазақстанның инвестиция тарту бойынша ең белсенді өңірлерінің бірі саналады. Қытайлық серіктестермен жүргізілген келіссөздер алдағы уақытта нақты инвестициялық жобаларға ұласып, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.
🖌️ Айта кетейік, «Хубэй» халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығы – қытайлық және шетелдік бизнес арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ұйым. Қауымдастық инвестициялық жобаларды қолдап, халықаралық нарықта кәсіпкерлерге көмек береді. Ухань қаласында Түркістан облысының өкілдігі, ал Түркістан қаласында қауымдастықтың өкілдігі ашылған.
🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
*
ВИЗИТ В КИТАЙ: ОПРЕДЕЛЕНЫ ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ НОВЫХ ПРОЕКТОВ
В рамках рабочего визита в Китайскую Народную Республику аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров совместно с представителями официальной и деловой делегации провел ряд важных переговоров с руководителями более 50 ведущих китайских компаний в городе Ухань – административном центре провинции Хубэй, являющейся побратимским регионом Туркестанской области.
Делегация во главе с акимом области встретилась с исполнительным председателем и генеральным секретарем Ассоциации международного сотрудничества предприятий провинции Хубэй Хуан Лися, а также провела переговоры с крупными инвесторами в форматах B2B и G2B. По итогам встреч были определены ключевые направления реализации новых инвестиционных проектов.
Стороны обсудили перспективы развития межрегионального сотрудничества в рамках международной инициативы «Один пояс –один путь», реализацию совместных инвестиционных проектов, расширение промышленной кооперации и укрепление взаимовыгодного партнерства. Особое внимание было уделено проектам в сферах промышленности, туризма, сельского хозяйства, инфраструктуры и транспорта.
Достигнутые договоренности направлены на привлечение прямых инвестиций, создание современных производств и дальнейшее повышение экономического потенциала Туркестанской области. Представители китайских компаний презентовали проекты, которые планируют реализовать на территории региона.
– Рад встрече с вами в Ухане. Взаимное доверие и тесное сотрудничество между Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым и Председателем Китайской Народной Республики Си Цзиньпином создают прочную основу для развития межрегиональных и экономических связей между нашими странами. По поручению Главы государства мы продолжаем совершенствовать инвестиционный климат региона и создавать новые возможности для инвесторов. Туркестанская область обладает высоким логистическим потенциалом благодаря выгодному географическому расположению. Благодарю вас за интерес к нашему региону и готовность совместно реализовывать инвестиционные проекты. Мы готовы оказать всестороннюю поддержку всем компаниям, заинтересованным в работе на территории области, – отметил Нуралхан Кушеров.
На сегодняшний день в Туркестанской области реализовано 17 инвестиционных проектов с участием китайского капитала на общую сумму 148 млрд тенге. Сотрудничество между Туркестанской областью и Ассоциацией международного сотрудничества предприятий провинции Хубэй развивается с 2024 года и стало эффективной площадкой для проработки новых инвестиционных инициатив.
В ходе переговоров стороны обсудили расширение инвестиционного сотрудничества, реализацию совместных проектов в промышленности, сельском хозяйстве, туризме и транспортно-логистической сфере. Китайским партнерам был представлен инвестиционный потенциал региона, а также меры государственной поддержки и преференции, предлагаемые иностранным инвесторам.
Представители китайской стороны высоко оценили выгодное географическое положение и экономические возможности Туркестанской области, выразив заинтересованность в дальнейшем развитии взаимовыгодного сотрудничества. По итогам встречи достигнута договоренность о продолжении совместной работы по реализации конкретных инвестиционных инициатив.
В частности, международная компания, работающая в сфере медицинских технологий, представила планы выхода на рынок Казахстана. Предприятие специализируется на производстве материалов для восстановления костной ткани и искусственных кожных матриц, применяемых при лечении ожогов и травм. Инвесторы выразили намерение не только поставлять продукцию в Казахстан, но и в перспективе построить производственное предприятие в регионе.
Также состоялась встреча с руководством компании Wuhan Engineering. Компания рассматривает возможность реализации в Туркестанской области проектов по созданию современных парков, цветочных и птичьих рынков. Предварительный объем инвестиций оценивается в 180 млн юаней.
Нуралхан Кушеров провел переговоры с крупными инвесторами, работающими в сфере производства специализированной техники. Компания выпускает мусоровозы, пылеподавляющие машины, вакуумную уборочную технику, мобильные аварийные электростанции и снегоуборочную технику. В ходе встречи обсуждался вопрос открытия в Туркестанской области предприятия по сборке специализированной техники.
Одним из крупнейших проектов, рассмотренных в рамках визита, стала инициатива в сфере культурно-познавательного туризма. Руководство международной компании представило проект строительства в Туркестанской области крупного океанариума либо современного туристско-развлекательного комплекса водной тематики. Компания обладает значительным опытом в проектировании, строительстве и эксплуатации туристической инфраструктуры. Предварительный объем инвестиций по проекту составляет около 500 млн долларов США. Реализация данной инициативы может придать новый импульс развитию туристической отрасли региона.
Проведены переговоры с представителями одной из крупнейших агропромышленных компаний Китая – Huapei Group. Компания занимается импортом, переработкой, хранением и логистикой мясной продукции. Стороны обсудили возможности экспорта сельскохозяйственной продукции Туркестанской области и перспективы сотрудничества в сфере переработки.
Содействие в организации деловых встреч оказал Генеральный консул Республики Казахстан в городе Сиань Жошыхан Кыраубаев.
Аким области также обсудил с ведущими китайскими компаниями строительной и инфраструктурной отрасли проект высокоскоростной железнодорожной магистрали «Туркестан – Шымкент – Ташкент». В переговорах приняли участие представители крупных корпораций, выразивших готовность участвовать в проектах по развитию транспортных коридоров, совершенствованию логистической инфраструктуры и расширению международного транспортного сообщения.
Кроме того, китайские компании, работающие в сфере архитектуры и строительства, проявили интерес к проектам развития туристско-рекреационных центров «Ирсу» и «Каскасу», запланированных на территории Туркестанской области. Реализация этих проектов позволит повысить качество туристической инфраструктуры региона, создать новые рабочие места и увеличить поток иностранных туристов.
В целом в ходе рабочего визита в Китай аким Туркестанской области провел встречи с руководителями и инвесторами более 50 компаний, обсудив проекты общей стоимостью в сотни миллионов долларов. Основной целью переговоров стало привлечение инвестиций, развитие промышленности, внедрение современных технологий и расширение международного экономического сотрудничества.
Сегодня Туркестанская область является одним из наиболее активных регионов Казахстана по привлечению инвестиций. Ожидается, что достигнутые договоренности с китайскими партнерами будут реализованы в виде конкретных инвестиционных проектов и внесут значительный вклад в развитие экономики региона.
Стоит отметить, что Ассоциация международного сотрудничества предприятий провинции Хубэй занимается развитием партнерских отношений между китайским и зарубежным бизнесом, оказывает поддержку инвестиционным проектам и содействует выходу предпринимателей на международные рынки.
В настоящее время в городе Ухань действует представительство Туркестанской области, а в городе Туркестан открыто представительство Ассоциации.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1238940?lang=kk

Жауап қалдыру