Семейде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында балаларға арналған шығармашылық іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде балаларға арналған шығармашылық іс-шара полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дағдарыс орталығында өткізілді. Негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету, олардың эмоционалдық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ балалардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықсыз орта құру идеясын насихаттау.

✅Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалармен еркін форматта кездесу өткізіп, олардың қауіпсіздігі, құқықтары және мемлекет тарапынан көрсетілетін қорғау тетіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер балаларға әрбір баланың құқығы заңмен қорғалатынын және кез келген жағдайда олар көмекке жүгіне алатынын атап өтті.

⚜️Сонымен қатар, балаларға арналған сурет салу сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын, сезімдерін және армандарын түрлі түстер арқылы бейнеледі. Шығармашылық процесс жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың еркін ойлауына және ішкі әлемін ашуына мүмкіндік берді.

Балалардың бірі: «Мен өз суретімде қауіпсіз және бақытты әлемді бейнеледім», – десе, енді бірі: «Полицейлердің бізді қорғайтынын білгенде өзімді сенімді сезіндім», – деген әсерімен бөлісті. Тағы бір қатысушы: «Бүгінгі күн маған қуаныш пен тыныштық сыйлады», – деп атап өтті.

Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, оларға сенім мен қорғаныш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Іс-шара соңында балалардың шығармашылық жұмыстары бағаланып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Балалар полиция қызметкерлерімен еркін сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

✅Бұл игі бастама – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолындағы маңызды қадам ретінде атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді