Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымының басталуына орай Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері қалалық жағажай мен Ақбұлақ демалыс орнында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйінде суға түспеу және қауіпсіздік белгілерін сақтау қажеттігі айтылды. Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1236143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді