Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерімен киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық кездесу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында мамандар интернет-алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері, жалған қоңыраулар мен күмәнді сілтемелерден қорғану жолдары, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау және қаржылық алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда әрбір азаматтың киберқауіпсіздік талаптарын сақтауы аса маңызды. Сондықтан тұрғындарды қырағылық танытып, жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге және интернет кеңістігінде сақ болуға шақырамыз.

 Киберқауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі!
 Алаяқтардың арбауына түспеу үшін ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1238396?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді