Тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы-басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету басқару жүйесінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу және заңнама талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесі тарапынан Сенек және Бостан ауылдық округтерінде арнайы ішкі бақылау жүргізілді.

Жүргізілген ішкі бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты-жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қадағалау. Тексеру барысында сала мамандары мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттер мен стандарттарға сай, уақытылы көрсетілу деңгейін, көрсетілетін қызметті алушылардың-яғни ауыл тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерінің толыққанды қамтамасыз етілуін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін жан-жақты зерделеді.

Тексеру нәтижесіне сәйкес, жұмыс барысындағы тиімділікті одан әрі арттыру, қызмет сапасын жетілдіру және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жауапты тұлғаларға нақты әрі тиімді ұсынымдар берілді. Аудандық деңгейдегі мұндай ішкі бақылау және мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, жергілікті басқару органдарының ашықтығын арттыруға және халыққа көрсетілетін көмектің сапасын жоғары деңгейде сақтауға септігін тигізбек.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1236220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді