“Заң мен тәртіп”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 5 маусым күні Ақжал кентінің «Шұғыла» мәдениет үйінің акт залында кент тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды кездесу өтті.
​Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған бұл шараға арнайы шақырылған білікті заң мамандары қатысты:
​Дархан Шакмаранович Карбанов – Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Ағадыр кентінің адвокаты;
​Бахытгуль Женисовна Муханова – Қарағанды облысы Нотариалдық палатаның мүшесі, Шет ауданының жеке нотариусы.

​Жиын барысында тұрғындарға заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және күнделікті өмірде жиі кездесетін заңгерлік мәселелерді шешу жолдары түсіндірілді.

​«Құқықтық мәдениет дамыған жерде — тәртіп пен қауіпсіздік орнайды. Әрбір азамат өз құқығын біліп, заңды құрметтеуі тиіс», — деп атап өтті мамандар.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби жауаптар берілді. Белсенділік танытып, құқықтық мәдениетті арттыруға үлес қосқан барша кент тұрғындарына және арнайы келіп, кеңес берген заң мамандарына алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238360?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді