“Заң және жауапкершілік: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қорқыту үшін жазаны күшейту”семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 мамырда Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды жоғары колледжінде “Заң және жауапкершілік: тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту. Буллинг” тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара аясында Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ бөлім басшысы А. Латош және Қарағанды облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Бахытгүл Серікбаева колледж оқытушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ білім беру ортасындағы буллинг мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заңнама нормалары, жауапкершілік шаралары және зорлық-зомбылық пен әлімжеттік факілері анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Педагогтердің алаңдатарлық белгілерді дер кезінде анықтаудағы, білім алушыларға қолдау көрсетудегі және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1236252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді