
Жаңақима ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Ауданның 200-ге жуық тұрғыны Есіл өзенінің бойын қоқыстан тазарту үшін бір кісідей атсалысты.
Акция қатысушылары, еріктілер мен белсенділер өзен арнасының бойымен 3 шақырымнан астам жерді аралап, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Есіл жағалауы айтарлықтай көркейе түсті.
Ұйымдастырушылар табиғатты қорғауға үлес қосқан әрбір жанға алғыс білдіреді! Туған өлкенің тазалығы — өзімізден басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1238353?lang=ru

Жауап қалдыру