
Орал қаласы аумағында суға түсуге рұқсат етілген жағажайлар төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тарапынан тексеріліп, барлық қажетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталды.
Тұрғындарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат берілген жағажайларда ғана демалып, суға түсу ұсынылады.
Белгіленбеген және тексеруден өтпеген су айдындарында суға түсуге қатаң тыйым салынады. Мұндай орындарда су түбінің жағдайы белгісіз болып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және суда демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстаныңыздар.
Суға түсуге рұқсат етілген жағажайлар тізімі:
1. «Set Sail Park» жағажай кешені (Шаған өзені)
2. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағындағы жағажай (Шаған өзені)
3. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының жағажайы (Шаған өзені)
4. «Светлячок» туристік базасының жағажайы (Деркөл өзені)
5. Деркөл кентіндегі «Grits Park» демалыс базасының жағажайы (Деркөл өзені)
6. «Арна» жағажайы (Желаев карьері)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236096?lang=ru

Жауап қалдыру