
Департамент басшысының міндетін атқарушы М. Кәрім 2026 жылдың
3 маусым күні азаматтарды жеке қабылдады.
Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-нің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары
А.К. Шотаева ата-ананың өтініші негізінде оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме алу үшін Департаменттің жеке қабылдауында болды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы М. Кәрім Қазақстан Республикасының заңдарына, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өтініштерін уақытылы қарау Департаменттің ерекше бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1236544?lang=ru

Жауап қалдыру