
Еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыскердің қандай құқықтары бар?
1) еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) арнайы киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;
Қандай міндеттері бар?
1) еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
2) еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі бойынша шығындарды кім көтереді?
Еңбек қауіпсіздігі бойынша шығындарды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің қандай міндеттері бар?
1) жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытуға, нұсқама беруге, тиісті құжаттармен қамтамасыз етуге;
2) арнайы киіммен, медқобдишамен, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;
3) жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге;
4) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі бойынша қандай нұсқамалардан өтуі керек?
1) кіріспе;
2) қайталама;
3) жоспардан тыс;
4) мақсатты нұсқамалардан өтуі керек.
Ал, білімін тексеруден қашан өтеді?
Жұмысқа кіргеннен кейін бір айдың ішінде және жылына бір реттен өтеді.
Жазатайым оқиға орын алған кезде жұмыс беруші не істеу керек?
1) бір тәулік ішінде еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесіне;
2) жұмыскерлердің өкілдеріне;
3) тиісті мемлекеттік органдарға хабарлауы керек.
Жазатайым оқиғадан зардап шеккен жұмыскердің қандай кепілдігі бар?
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілуі және қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымына жеткізілуі;
2) зардап шеккен адамның жақын туыстары жазатайым оқиға туралы дереу хабардар етулуі керек.
Еңбек инспекциясы қандай жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді?
Жеңіл жарақаттан басқа барлық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді.
Арнайы комиссия құрамына кімдер енеді?
1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
2) мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.
Тергеп-тексерудің мерзімі қандай?
Комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күні.
Белгіленген мерзімде аяқтауға объективті кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде он жұмыс күніне екі реттен ұзартылуы мүмкін.
Жұмыс беруші жазатайым оқиғаны жасырса оған қандай жауапкершілік бар?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 96-бабына сәйкес
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабарламау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жұмыскерлер сақтандырылуы керек пе?
Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес, міндетті түрде сақтандыру керек.
Егер сақтандырылмаса жұмыс берушіге қандай жаза бар?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 230-бабының 2-тармағына сәйкес мұндай әрекеттер
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1236249?lang=ru

Жауап қалдыру