
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
2026 жылғы 1-5 маусым аралығында Женевада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) аясында жұмыс істейтін Құқықтарды қорғау жөніндегі консультативтік комитеттің (ҚҚКК) отырысы өтті. Делегация құрамында отырысқа Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев және Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев қатысты.
Қазақстанда халықаралық стандарттарды ескере отырып, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі дәйекті түрде жетілдіріліп келе жатқаны атап өтілді. Осы тұрғыда зияткерлік меншікті қорғау туралы ереженің конституциялық деңгейде бекітілуі ерекше маңызға ие, бұл авторлардың, өнертапқыштардың және құқық иеленушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық негізін күшейтеді.
Сессия аясында құқықтарды басқару саласында цифрлық құралдарды енгізу, рәсімдердің ашықтығын арттыру, сондай-ақ құқық қолдану тетіктерін дамыту, оның ішінде үздік халықаралық тәжірибелермен алмасу мәселелері қаралды.
Қазақстанның сессия жұмысына қатысуы еліміздің инновациялық даму мен экономикалық өсудің маңызды шарты ретінде зияткерлік меншікті қорғау жүйесін нығайтуға бейілділігін растады.
Анықтама үшін: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) жанындағы Құқықтарды қорғау жөніндегі консультативтік комитет (ҚҚКК) — 2002 жылы зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған үкіметаралық сараптамалық алаң. Комитет құқық қолдану, контрафактімен және цифрлық қарақшылықпен күрес, сондай-ақ мүше мемлекеттердің сот, құқық қорғау және әкімшілік органдарының өзара іс-қимылы мәселелерін қарайды. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ДЗМҰ мүшесі болып табылады және оның консультативтік органдарының, соның ішінде ҚҚКК жұмысына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1235863?lang=ru

Жауап қалдыру