🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҰЯҚБАЕВ ЕРБОЛ ЖОРАКЕЛДІҰЛЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ЗЕРДЕЛЕДІ
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлының бүгінгі Түркістан облысындағы жұмыс сапары Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызмет барысымен танысумен жалғасын тапты.
Департамент басшысы Әліш Аманкелды Салхудинұлы бірінші вице-министр Ербол Жоракелдіұлымен Департамент қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, Департамент қызметінің негізгі бағыттарымен танысу мақсатында жиын өткізді.
Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрмаханов Бегман Жамалбекұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қозыханұлы Мекенхан, Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ-нің төрағасы Шірікбаев Бектас Шірікбайұлы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы, «Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Түркістан облыстық ұйымының төраға орынбасары Исатаев Ержан Ибадуллаұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Темірхан Асылхан Темірханұлы және Департамент қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Департамент басшысы Аманкелды Салхудинұлы өз баяндамасында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен жұмыс берушілерден келіп түскен өтініштерді қарау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап өтті.
Сонымен қатар, өңірдегі еңбек қатынастарының жай-күйі, өндірістік жарақаттану көрсеткіштері, еңбек дауларының алдын алу және кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Бірінші вице-министр Ербол Жоракелдіұлы Департамент қызметкерлері мен жиынға қатысушы мекеме өкілдерімен пікір алмасып, еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Одан әрі Ербол Жоракелдіұлының іс сапар барысындағы жұмыс жоспары Кентау қаласындағы «Арнаулы кәсіптік колледжін», Ораңғай ауылындағы 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы және «Шұғыла» орталығының қызметтерімен танысумен жалғасын тапты.
Жауап қалдыру