Абай облысында азаматтардан 37 бірлік қару сатып алынды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында азаматтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды республикалық акция бастау алды. Аталған шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды азаматтардан ерікті түрде қабылдау арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау.

✅Акция аясында әрбір азамат заңсыз сақталған қаруды еш кедергісіз және құқықтық салдарсыз тапсыра алады. Бұл бастама – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам.

Акция шарттарына сәйкес, тапсырылған қарудың техникалық жағдайына байланысты ақшалай өтемақы қарастырылған:

💠атуға жарамды, жақсы күйдегі қару үшін – 100% көлемінде;
💠атуға жарамды, бірақ тозған қару үшін – 70% көлемінде;
💠атуға жарамсыз немесе жарамдылығы төмен қару үшін – 30% көлемінде төлем жүргізіледі.

✅Өтемақы белгіленген тәртіппен азаматтардың банк шоттарына аударылады.

⚠️Азаматтардың ерікті түрде қару тапсыруы олардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылуына негіз болады. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құқықтық тетік.

Акция басталғалы бері Абай облысында барлығы 37 бірлік қару қабылданды. Оның ішінде 7 бірлігі – ойық, 29 бірлігі – тегіс ұңғылы қарулар.

📢Осыған орай, азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Заңсыз сақталған қарудан бас тартып, қоғам қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосыңыздар. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1239151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді