
Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты оқиғаларға, жаңа достыққа және жарқын әсерлерге толы ерекше кезең. Алайда көңілді демалыс қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ғана мәнді әрі мазмұнды болмақ. Осы мақсатта Абай облысының полицейлері Бесқарағай ауданында орналасқан балаларға арналған «Радуга» сауықтыру лагерінде жасөспірімдермен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
👮♂️Іс-шараға Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Саят Оспанов қатысып, лагерь тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әңгіме жүргізді.
✅Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, белгісіз адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары, интернет қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі жөнінде түсіндірілді. Полицей балалардың қызығушылығын арттыру үшін нақты өмірден алынған мысалдарды келтіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылық пен жеке қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат алды. Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар белсенділік танытып, қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында инспектор Саят Оспанов балаларға арнайы үндеу жасап, былай деді:
«Құрметті жас достар! Жазғы демалыс – демалып қана қоймай, өздеріңізді дамытуға, жаңа білім мен әсер алуға арналған тамаша уақыт. Бірақ қандай жағдайда да қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс. Жолда жүргенде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, қоғамдық орындарда мәдениеттілік пен жауапкершілік танытыңыздар. Әрқайсыңыз өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өздеріңізге және жақындарыңызға деген қамқорлықтың белгісі. Сіздердің жазғы демалыстарыңыз жарқын, қызықты әрі қауіпсіз өтсін!».
Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін қалыптастыруға да ықпал етеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1239208?lang=ru

Жауап қалдыру