Армандар мақсатқа, ал мақсаттар шындыққа айналуы тиіс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл сөздер Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің тергеушісі, полиция қатарындағы Дамир Рахымтаевтың өмірлік ұстанымын дәл сипаттайды.

Жақында ғана ол студенттік аудиторияда қылмыстық процесс пен құқықтың қыр-сырын меңгеріп жүрсе, бүгінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген жас тергеуші.

– Бүгін мен бала кезден армандаған мамандығымдағы алғашқы қадамымды жасадым. Тергеу қызметі – үлкен жауапкершілікті, күнделікті еңбекті және маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді. Дегенмен дәл осындай сын-қатерлер бұл мамандықты ерекше әрі маңызды етеді, – дейді полиция қатарындағы Дамир Рахымтаев.

Тәлімгерлері жас қызметкерге қызмет жолында табыс тілеп, кәсіби жолының бастауы үлкен жетістіктерге жол ашсын деген ізгі ниеттерін білдірді. Сондай-ақ әділдікке ұмтылу мен халыққа адал қызмет ету әрдайым оның басты бағдары болып қала беруіне тілектестік танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1239648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді