Донор күніне орай қан тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында донорлық акцияға қатысты. Орталық ұжымы Облыстық қан орталығына ұйымдасқан түрде барып, қан тапсырды. Бұл бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Күн сайын адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында еңбек ететін медицина қызметкерлері донорлықтың маңызын жақсы түсінеді. Олар бұл игі шара арқылы қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіп, өзгелерге үлгі көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1239948?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді