
2026 жылдың 5 маусымы – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау (Экологтар) күніне орай, Обаған ауылдық округінде тазалық және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға округтегі мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысты. Сенбілік барысында белгіленген аумақтар, қоғамдық орындар мен көше бойлары күл-қоқыстан толықтай тазартылып, ретке келтірілді.
Мұндай шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және ұжымдық ілкімділікті арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1239762?lang=ru

Жауап қалдыру