
🍃 Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жітіқара ауданында сенбілік өтті. Экологиялық акцияға ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
🌿 Акция аясында Жеңіс саябағы мен жағалау аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар тазалықты сақтау және қоғамдық орындарды абаттандыру ісіне үлес қосты.
🌱 Осындай іс-шараларды өткізу қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тазалық пен тәртіп мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға себептеседі.
#ТазаҚазақстан #ЖітіқараАуданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1239376?lang=ru

Жауап қалдыру