
Нашақорлық – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Оның алдын алу мақсатында «Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында Қызылащы ауылдық округі жастар ісі-жөніндегі әдіскер нұқсаушысы ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында тұрғындарға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1239119?lang=ru

Жауап қалдыру