
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзинмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында атом саласының әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағыттары, инновациялар және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1239916?lang=ru

Жауап қалдыру