
Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1239453?lang=ru

Жауап қалдыру