Семейде пәтерден алтын бұйымдарды ұрлау дерегі ашылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының полициясына 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, қонақтар кеткеннен кейін залдағы сандықшада тұрған алтын бұйымдардың жоғалғанын анықтаған. Ұрланған заттар қатарында — алтын сырға, білезік және жүзік бар. Келтірілген шығын мөлшері 1 050 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні — қаланың 46 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Оқиға орнынан саусақ іздері алынып, фототүсірілім жүргізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық шара ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Полиция еске салады:
үйде өткізілетін шаралар мен қонақтарды қабылдау кезінде азаматтар құнды заттары мен ақшасын сақтауға мұқият қарауы, сондай-ақ мүлікті қараусыз қалдырмауы қажет. Құқыққа қарсы әрекеттер жасалған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыздар.

ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1239218?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді