
Ағымдағы жылы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 Қаулысымен АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын жас санатын кеңейту көзделген. Енді ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанда қыздар ерікті негізде қосымша вакцинациялауға жатады.
Негізгі мақсат – қыздар мен жасөспірімдерді адам папилломавирусымен байланысты аурулардан, оның ішінде жатыр мойны обырынан қорғау.
Толығырақ «5 канал» телеарнасының Қарағанды облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлім Жақсыгелдінің бейнесюжетінен көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=f1AEQw2sndw

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1239138?lang=ru

Жауап қалдыру