СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Шымкент қаласында суға шомылуға қатысты қауіпсіздік шаралары жалғасып келеді. Еңбекші аудандық әкімдігі мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аудан аумағындағы су қоймалары мен демалыс аймақтарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, суға шомылу ережелерін жан-жақты таныстырды. Азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, суға түсуге және шомылуға тыйым салынған қауіпті аумақтарға ескерту белгілері орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне назар аударылды.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында тараптар арасында меморандум түзілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1240242?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді